Біз туралы

 «Балауса» бала бақшасы» жеке мекеме

ПАСПОРТЫ

БИН 120340015101
Индекс 160000
Спонсор
Ғимаратты салған жылы 2007 жыл
Ғимаратты салып біткен жылы 2012 жылғы  қазан
Балабақша меңгерушісі Джанзахова Аяжан Полатбековна
Негізгі ауданы 606
Бала саны 100
Топ саны 4
Мед кабинет 1
Асхана 1
Музыкальный кабинет 1
Ғимараттың қабырғасы Күйген кірпіш
Шатыры Темір черепица
Терезесі ПВХ /пластик/
Едені Ламинат, кафель
Жылу қуаттылығы Автономды
Канализация Орталықтан
Құрылыс ауданы 253,1 ш/м
Жалпы алаңы 1034

  

Білім беру ұйымы туралы жалпы мәліметтер.

1) Мекеменің атауы:

Шымкент қаласы «Балауса» бала бақшасы» жеке мекеме.

2)Білім беру ұйымының орналасқан жері:

160005 Қазақстан Республикасы,  Шымкент қаласы, Қаратау ауданы,Тассай тұрғыны үй алабы, Жаңа құрылыс              № 288 орналасқан.

Құрылған жылы:2007 жыл, жобалық қуаттылығы 100 орын. Ғимараттың типтік сипаттамасы: бір қабатты  бейімделген ғимарат.

  • Заңды тұлғаның байланыс деректері

 e-mail: 2012balausa@mail.ru;          сайт:  https://balausa-bb.kz/quzhattar/

4)Құқық белгілейтін және құрылтай құжаттары: Бөбекжай-бақшаның құрылтайшысы – төлқұжаты №046750383, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2020 жылғы 06 тамызда берген Шымкент қаласы, Самал-2 №177 мекен-жайында тұратын Қазақстан Республикасының азаматы Узбекова Камила Қывнадырбае 17 мамыр 2013 жылдан бастап құрылтайшы болып тағайындалды.

5)Рұқсат беру құжаттары: Қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама: №KZ54XXX00006600  берілген күні 09 ақпан 2015 жылы.

Құрылтайшының 2013 жылғы 06 тамыздан бекіткен Жарғысы бар және мемлекеттік тіркеуден өткен (№1153-1958-23-ЖМ, 04.03.2013ж.).

Бала бақша ғимаратын пайдалану үшін рұқсат етілген Шымкент қаласы, Қаратау ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының 2013 жылғы 10 қыркүйектен №125-131 және №751-756  2013 жылы берген   №594-599 қорытындылары бар.

Бала бақшаға Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының 2022 жылғы 22 желтоқсан медициналық қызметпен айналысуға рұқсат берілген  №0000157DX мемлекеттік лицензиясы және дәл осы күннен берілген бастапқы медициналық-санитарлық көмек: дәрігерге дейінгі қызметке арналған мемлекеттік лицензияға № 220252278 қосымшасы бар.Жұмыс мемлекеттік тілде жүргізіледі. Жобалық қуаттылығы 100 орын, сыйымдылығы 100 балаға арналған 4 топ ұйымдастырылған, онда тізім бойынша бала саны 100 құрайды. Әр топ  толық жабдықталған ойын  бөлмелер,жатын бөлмелер мен тазалық гигиеналық орындары бар.

Ойын алаңы, серуендеуге арналған арнайы орындар  бар. Әрбір топта жеке жатын, ойын, әжетхана және ас тарататын бөлмелері бар. Арнайы бөлінген даладағы  алаңдарда ойын құралдары орналасқан .

Ғимарат жылу, су, электр жүйелерімен    қамтамасыз етілген,кәріз  құбырлары,телекоммуникациямен қамтамасыз етілген, интернет қосылған, өртке қарсы дабыл (сигнализация) орнатылған. Балалар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін  қамтамасыз ету, қолайлы және қауіпсіз орта жасау үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №191  қаулысына сәйкес:

 – білім беру ұйымының ғимаратына  кіруді бақылау ұйымдастырылған.                                                                                                         – хабарландыру жүйесінің бар болуы (дабыл түймесі); бар                                                                                                                                -күзет болуы; бар                                                                                                                                                                                        Арнайы күзетшілермен қамтамасыз етілген,ғимараттың іші –сыртында,топтарды  бейне бақылау орнатылған.                                                                                             – Жалпы саны -10                                                                                                                                                                      -Ғимараттың ішінде -7                                                                                                                                                                                              – Ғимараттың сыртында-3                                                                                                                                                                                    – Пандус,  арнайы әжетхана бар.

    Қазақстан  Республикасының Денсаулық сақтау  министрлігі «Мектепке  дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитарлық –эпидемиологиялық  талаптар»  санитарлық қағидаларын бекіту туралы 2017  жылғы 17  тамыздағы № 615  бұйрығы және  (өзгерістер мен толықтырулар) ҚР  Денсаулық сақтау министрлігінің 2021  жылғы   9 шілдедегі №59 бұйрығына сәйкес: Асхана , азық –түлік  сақтайтын қойма, кір жуатын бөлмелер мен шаруашылық  заттарын сақтайтын қойма бар. Медициналық  қажетті  құралдармен және  оқшаулау бөлмелерімен қамтылған,  қарастырылған. Барлық топтар балалардың  жас ерекшіліктеріне қарай қажетті жиһаздармен, оқу-әдістемелік құралдармен , заман талабына сай  материалдық – техникалық  базамен  қамтамасыз етілген. Әрбір  топта киім шешетін бөлме, ойын бөлме, жататын бөлме, ас тарататын  бөлме  және  әжетхана бар. Аулада балалар ойын алаңшалары, ойын құралдары және  санитарлық нормаға  толық жауап бере алатын беседкалар орнатылған. Балалардың шынығуына арнайы спорт алаңқайы салынды. Балалар балабақшаға Қазақстан  Республикасының  «ИНДИГО» ашық электронды  жүйесі арқылы, электронды жолдама бойынша  2 жастан бастап қабылданады. Бөбекжай бақша жұмысы  Қазақстан Республикасы  Білім және  ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығымен жұмыс жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі ұйымдарда  09.09.2022 ж  № 394 бұйрығы  тәрбиелеу-білім беру  процесін  ұйымдастыру туралы  әдістемелік нұсқаулық хатқа сәйкес:

 -басталуы 8:00

-аяқталуы 18:30 жүргізіледі.

Жұмыс 5 күндік жұмыс жүйесіне негізделген.  Ас мәзірі таңғы, түскі және бесін ас мәзірімен тағайындалған.

 Бала бақша жалпы  – 4 топтық, 100 орынға арналған. Мемлекеттік  тапсырыс СЭС қорытындысы бойынша  100 балаға рұқсат берілген. Бүгінде   100 бала тәриеленуде. Бала бақшада мынадай топтар жұмыс жасайды:

-ортаңғы топ /3 жастан

 -ересек топ /4жастан/

 -мектепалды дайындық топ /5жастан/.

    Бала бақша  өз қызметін  мемлекеттік  тілде  \4 топта\    жүргізеді. Бала бақшаның жұмысын Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына, үлгілік оқу бағдарламасына, үлгілік оқу жоспарына сай жүргізу үшін, білікті педагогтар, жас  мамандар және  техникалық қызметкерлермен  қамтылып, жұмыс жасайды. Бөбекжай бақшада жалпы  қызметкерлер саны – 16 , педагогтар саны – 9, техникалық қызметкерлер саны-7. Педагог кадрлардың лауазымдық қызметін жүйелендіру, біліктілігін   арттыру мақсатында  «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігі  «Өрлеу» біліктілікті  арттыру ұлттық  орталығы» акционерлік қоғамының    педагогикалық  қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институтында педагогтар біліктілігін жетілдірді.

Біздің балабақшамызда тәжірибелі тәрбиешілер әр балаға жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен қарайды. Балаларға қызықты ойындар мен ұйымдастырылған оқу қызметтері жүргізіледі. Бізде көркем гимнастика, хореография үйірмелері бар. Бүлдіршіндеріміз түрлі қалалық, республикалық, байқауларда білім, өнер  түрлерінен жарысқа қатысып, жеңіс тұғырынан көрініп келеді.

2019-2020  жылы  Республикалық «Өрлеу» порталында  «БІЗ БІРГЕМІЗ, БІЗ ҮЙДЕМІЗ» БЕЙНЕРОЛИГІ ЖАРИЯЛАҒАН ҮШІН   «Балауса» бала бақшасына СЕРТИФИКАТҚА  ие болды.

2022 жыл-  Республикалық «BALABAKSHA.KZ» Білім  порталы Ұйымдастырған балалар арасындағы «ТУҒАН ЖЕРІМ»  атты көркем сурет  пейзаж  байқауына 3 – 6 жас аралығындағы балаларымыз  –  1-дәрежелі, дипломдарға ие болды.

2022-жыл Республикалық қашықтықтан өткізілетін олимпиадалар орталығы республикалық олимпиада нәтижесінде  жүлделі «ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА», «ТЕСТ НА ЛОГИКУ», «ЖҰМБАҚТАР БАЛАЛАРҒА», «ӘРІППЕН ТАНЫСАЙЫҚ»  ГРАМОТАЛАРҒА  ие болды.

 2023-жыл  Республикалық «USHQYR» педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен өткен «ҚЫС ҒАЖАЙЫПТАРЫ» атты республикалық байқауына қольөнер наминациясы бойынша 1-дәрежелі, дипломдарға ие болды.

  2023 жыл-  Республикалық «ДВАЖДЫ ДВА» Білім  порталы Ұйымдастырған балаларға арналған дамытушы байқаулар   «МЕН ҒАРЫШКЕР БОЛАМЫН»  атты көркем сурет  пейзаж  байқауына 3 – 6 жас аралығындағы балаларымыз  -ГРАМОТА   ие болды.

2023 жыл «USHQYR» педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен «АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІ-ҰЛТТЫҚ ҚАЗЫНА» жанры бойынша қатысып, 1-дәрежелі, дипломдарға ие болды

2024 жыл-  Республикалық «BILIMGER» Білім  порталы Ұйымдастырған балалар арасындағы «ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ»  көркем сурет және  шығармашылық  байқауына 3 – 6 жас аралығындағы балаларымыз  –  1-дәрежелі, дипломдарға ие болды.

2024жыл Қазақстан Республикасының Оқу – ағарту министрлігінің №514 БҰЙРЫҒЫНА СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП, Республика көлемінде «Zeyindi_bala» балалар «Мақатаев оқулары» атты конкурсынаимәнерлеп оқу бағыты бойынша қатысып 1-дәрежелі, дипломдарға ие болды

2024 жыл-  Республикалық «BILIMGER.KZ» Білім  порталы Ұйымдастырған балалар арасындағы «АБАЙ ОҚУЛАРЫ»  »  атты мәнерлеп оқу байқауында үздік танылып 1-дәрежелі, дипломға ие болды.

Ел болашағы – өскелең ұрпақ екенін терең түсінген «Балауса» бала бақшасының құрылтайшысы мен ұжымы ұрпақ тәрбиесіне жіті көңіл бөледі. Балалардың жан-жақты дамып, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптастыру бағытында тынбай еңбек етіп, мақсатымызға жететінімізге сеніміміз мол.